Мектеп тарихы

Жаңақала мектеп-гимназиясы

Жаңақала аудандық білім беру бөлімінің «Жаңақала мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Жаңақала ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 21 тамыздағы № 203 қаулысы негізінде құрылды. Мектеп-гимназия Жаңақала ауылында орналасқан. Оқыту тілі: қазақ тілі.

Сынып саны – 29, оқушы саны – 510, мектеп-гимназия жанындағы интернаттағы бала саны – 100. 11-сыныпты бітіруші саны – 30. Гимназиялық сынып саны – 16, бастауыш сыныптар – 8. 1-4 сыныптарда – 176, 5-9 сыныптарда – 273, 10-11 сыныптарда – 67 оқушы.

Факультативтер саны – 76, үйірмелер саны – 18, гимназиялық курстар саны – 179.

Білім сапасы – 80%. «Алтын белгіге» үміткер саны – 2. Соңғы сынақтағы орташа балл – 105,1.

Мектептегі педагог кадрлар саны – 67, соның ішінде жоғары санатты – 13, бірінші санаттысы – 18, жоғары білімді ұстаздар саны – 63.

Пән кабинеттерінің саны – 17, соның ішінде физика, химия, биология, мультимедиа, информатика – 2, қазақ, орыс, ағылшын тілдері, тарих, математика, Алғашқы әскери дайындық кабинеттері.

Интерактивті тақта саны – 6.

Шеберхана саны – 3. Соның ішінде – мата өңдеу, ағаш өңдеу, металл өңдеу шеберханалары. Акт зал және спорт залдары.

Қаржысы: республикалық бюджет – 1 млрд 123 млн 004,66 тг.