"Отаныма қызмет етемін!" атты  «Біз – Мәңгілік ел ұландарымыз» әскери-патриоттық байқауы

Жаңақала мектеп-гимназиясының «Патриот» айлығының жұмыс жоспарына сәйкес 9-10 сынып оқушылары арасында "Отаныма қызмет етемін!" атты  «Біз – Мәңгілік ел ұландарымыз» әскери-патриоттық байқауы өткізілді.

 

Байқаудың мақсаты жастардың әскери-патриоттық тәрбиесін жандандыру және жетілдіру, мектеп оқушыларының бойында жоғары патриоттық санасын, өз Отанына деген адалдық сезімін, Отан мүддесін қорғау бойынша азаматтық борышы мен конституциялық міндеттерін орындауға дайын болуды қалыптастыру.

 

Байқау 3 кезеңнен тұрды.

 

1.Таныстыру.

 

Топты таныстырып, рапорт беру

 

2.«Мерген»

 

А) шағын калибрлі винтовка атудан жаттығу;

 

Б) «АКМ – 74 бөлшектеу және жинастыру жаттығуы»; (уақытша көрсеткіштер №12,№13)

 

  1. «Әскери іс үшін пайдалы» байқауы.

 

А) кедергілер жолағынан жүгіре өту  (4-ұл, 2-қыз)

 

Байқау қорытындысында жеңімпаз командалар анықталып, дипломдармен марапатталды.