Жаңақала мектеп-гимназиясындағы педагог-психологтардың наурыз-мамыр айларында оқушылар мен ата-аналарға жүргізген шаралары

2018-2019 оқу жылының наурыз-мамыр айларында Жаңақала мектеп-гимназиясында психологтың жылдық жұмыс жоспарына сәйкес оқушылар, ата-аналар мен ұстаздарға  түрлі шаралар өткізілді. Әр айдың басында міндетті түрде түрлі мақсаттағы диагностикалық жұмыстар жүргізіліп отырды.


Сонымен қатар оқушыларға және жатақхана тәрбиеленушілеріне жағымды көңіл-күй сыйлап, өз-өздеріне деген сенімділіктерін арттырып, психологиялық ахуалдарын көтеру мақсатында «Үлкенге құрмет», «Орта буын ерекшеліктері», «Нашақорлыққа жол жоқ!», «Өз бойыңа сенімділік орнат!», «Адам бойындағы 5 құндылық», «Қарым-қатынас мәдениеті», «Дұрыс әрекеттен ішкі тыныштық»,  «Орындалған мақсат пен арман» атты тақырыптарда  тренингтер, арт-терапиялық жаттығулар, әңгімелесу, кеңес беру жұмыстары жүргізілді.


9, 11-ші сыныптарға кәсіби бағдар беріп, болашақ мамандықтарын дұрыс таңдауға қолдау көрсету мақсатында «Мамандықтар туралы не білеміз?» тақырыбында тренинг өткізіліп, «Мамандықтар білгірі» турнирі, «Алуан-алуан кәсіп бар, таңдай біл де, талап қыл» мамандық таңдауда кеңес беру және әртүрлі оқу орындары мен мекеме қызметкерлерімен кездесулер ұйымдастырылды.

 
Мектеп бітіруші оқушыларды емтихандардың алдында психологиялық сүйемелдеу мақсатында, олардың көңіл-күйлерін көтеріп, эмоционалдық қысымды жою үшін «Емтиханға дайындалудың тиімді әдістері» тақырыбында жаднамалар таратылып, «Армандар орындалады!», «Жағымды көңіл күй сыйлайық», «Барлығы өз қолыңда!» атты аутотренинг,  релаксация, арттерапия,  әңгімелесу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар 11 сыныптар оқитын кабинеттер қолдау сөздерімен безендірілді.


ІІІ оқу тоқсанының 15 ақпан – 15 наурыз аралығында «Өмірді таңда!» айлығы және  20 ақпан - 20 наурыз аралығында «Жақсы көңіл-күй психологиялық денсаулық кепілі» атты науқан оздырылды.


Мақсаты:
білім беру мекемелерінде оқушылардың, ата-аналардың, қызметкерлердің, ұстаздардың бойында позитивтік өмірлік ұстаным қалыптастыру, психикалық саулығын сақтау және нығайтуға жағдай жасау, адамтанудың құрамдас бөлігі ретіндегі психологиялық денсаулықтың маңыздылығы туралы түсініктерді қалыптастыру.


Науқан мен айлық аясында ұйымдастырылатын іс-шаралардың жоспарлары жасақталып бекітілді. Жоспар бойынша директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, әлеуметтік педагог, медбике, сынып жетекшілер мен жатақхана тәрбиешілерімен бірлесе шаралар өткізілді.


Бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде балаларға қатысты қатыгездіктің алдын алу бойынша мақалалар мен «Жақсы көңіл-күй психологиялық денсаулық кепілі» атты науқаны мен «Өмірді таңда» айлығы аясында өткізілген шаралар туралы мәлімет әлеуметтік желілерде жарияланды


«Балама таңдау жасауда қалай көмектесе аламын», «Алғашқы қадам. Мектеп өмірі», «Таңдау жасау кезіндегі ата – ананың ықпалы», «Отбасындағы қатыгездік және оның балаға әсері», «Түрлі жас кезеңіндегі жыныстық психология», жоспардан тыс жалпы ата-аналар жиналысында «Отбасындағы зорлық-зомбылықтың түрлері және оның алдын алу» тақырыптарында сынып жетекшілер, педагогтар мен ата-аналарға дәрістер мен баяндамалар оқылды. Сонымен қоса «Суицид әлеуметтік мәселе ретінде» тақырыбында сынып жетекшілермен әңгімелесу мен "Біз топпыз» атты тренинг өткізілді. Оқушылардың арасындағы әлімжеттік пен бопсалаудың алдын алу мақсатында мектеп оқушыларына баяяндамалар оқылып, ұл балаларға (әсіресе 8-11 сыныптардың) түсінік жұмыстары жүргізілді.

 
Барлық шаралар жоғары деңгейде өтті. Оқушылар да, ата-аналар да өте белсенді қатысып,  жақсы әсер алды.