1-қыркүйек - Білім күні

Бүгін, 1-қыркүйек - Білім күні. Шуақты қыркүйек айының алғашқы күні барша оқушы алтын ұя мектептеріне қайта оралып, мектеп табалдырығын алғаш аттаған балдырғандар сыңғырлаған қоңырау үнімен қайта қауышып отыр.

Жаңақала мектеп-гимназиясынада да "Саналы ұрпақ - жарқын болашақ" атты білім мерекесі 1 сынып оқушыларының шеруімен басталды.